29.10.2021
122
Жер мен көк
Тағы да Алматыдан қатынайтын автобустың дарылдаған дыбысынан оянған. Орнынан атып тұрып, терезе алдына жүгіріп келді. Одан әйнек жақтауына жармаса түсіп, сондайдағы автобекет жаққа көз тікті. Алды-арты есік пен төрдей үлкен «Икарустан» бейтаныс біреулер топырлап түсіп жатыр. Араларында мұның әке-шешесі жоқ сияқты
Бүгін де келмеген болды.
Терезенің ернеуінен сырғып түсіп, тұнжыраған күйі сыртқа қарай беттеді. Құлағына сырт жақтан бірқалыпты ырғақпен гу-гу айналған сеператордың дыбысы жетеді. Демек, әжесі әдетінше таңертеңгі сауылған сүтті айыруға кіріскен. Мұрны жаңа ғана шыжғырылған май иісін сезді. Яғни, шелпек пісірген екен.
Ақырын ілбіп тысқа шығып, жазғы ас үйге барды. Әжесі бір жағына қисая түсіп, сүт тартқыштың иінін бар ынтасымен құлаштай айналдырады.
Машина шүмегінен сорғалаған қаймаққа сұқ саусағының ұшын тосып біраз қызықтап тұрды да, жұққан кілегейді жалап қойды. Одан кемпірге аузын бұлтита күңк еткен:
— Папам мен мамам келеді деп едің ғой кеше?
Кішкене көздерінен кәдімгіше от ұшқындап тұр. Соны байқаған әжесі сасыңқырап та қалды. Абдырап:
— Келеді, құлыным! Келеді. Аздап шыдасайшы енді, — деді. — Демалыстарын алған бойда-ақ жетеді құстай ұшып. Жұмыстары оңай деймісің, балам-ау! Шыға алмай жатқан шығар.
Немере үлкен шешесіне «Тағы алдап отырған жоқсың ба?!» дегендей қабағын түйіп, бір шекеден одырая, сынай қарады. Оның бұл кейпін қызық көрген әжесі енді еріксіз күліп жіберді.
— Өй, түрің бар болғыр! «Ұқсамасаң тумағыр», тура әкесі! Қисық-қыңыр мінезіне дейін айнымай тартқан бәле! Бар, беті-қолыңды шайып кел! Бір-екі шыны аяқ шай ішіп алып, атаң мен ағаңның бастарына барып қайтайық. Күн — жұма. Марқұмдар дұға дәметеді ғой.
Аяңдап барып, аспалы қол жуғыштың шүмегін сылдырлата, суды төгіп-шұашып жуынған болды. Аяғының астына орындық қоймаса бойы жетпес еді. Сондықтан үйдегілер бұл үшін қолжуғыштың түбіне әдейілеп үлкен жәшік төңкеріп қойған. Одан бетіне ілулі сүлгінің шетін ұйпалақтап, сүртінді.
Қайтып келіп терезеге тағы үңілді, қызыл автобус өңкиіп әлі орнында тұр. Жүргіншілер тараған. Тек күйбеңдеген екі шопыр қалыпты. Еңкеңдеп дөңгелек алмастырып жатқан сияқты.
Бұлардың үйлері — биіктеу жерде. Жоғарыда орналасқан аумағы ат шаптырым жайдың үлкен терезесінен ылдидағы алып елдімекен тіршілігінің бір бөлігі жақсы көрініп тұрады. Автостанса маңайында теңселе басқан екі-үш адам жүр. Біреуін жазбай таныды — Жекен, әкесінің осы жақтағы сыныптас жолдасы. Ылғи қызара-бөртіп жүреді. Анда-санда аңсары ауса осында соғып, бұның бетінен сүйіп, баяғыдағы әкесі мен өзінің басынан өткен жайттарды айтып, көп отырады. Бес жасар баламен үлкен адамша сөйлесіп, шақшадай басын шарадай қылады.
— Әкеңді сағындың ғой, ә, батыр?! Ой, сенің әкең ғажап жігіт қой! Жоқ қой сенің әкеңдей адам бұл аймақта! Ой, сенің әкең!..
Бастапқыда оны аса жақтырыңқырамайтын әжесінің құлағына да баласының атына айтылған мақтау жағатын болуы керек, әлден уақытта келген адамды жаңа байқағандай:
— Қал жақсы ма-ей, Жекен? Көптен көрінбей кеттің ғой өзі! Шешеңнің дені-қарны сау ма? — деп бері қарай бастайды. Одан ыдыс-аяқ тұратын қоңыр шкафтан ауызын қағазбен тығындаған жарты шөлмек арақ шығарады. Жартысын өткенде Жекеннің өзі ішіп кеткен.
Ол, тегінде, арақ үшін де келмейтін сияқты. Көңілінде қаяу бар. Кеудесін кернеген нала бар. Соны тарқатқысы келеді. Жұрттың айтуынша, әйелімен ажырасқан. Зайыбы үстел жағалай бастаған баласын өзімен бірге әкеткен. Сол сәбиін сағынады.
Шай үстіне көрші Бәдиша кемпір келді. Оның да шалы о дүниелік. Үйі үлкен, жайқалған бау-бақшасы бар. Ауласында арпылдай үріп, тайыншадай дәу қара төбет тұрады. Байлаулы. Әйтпесе нағыз кісі жейтін ит. Бәдиша апада туған-туыс жоқ. Баласы да... Ешкімі де жоқ жалғызілікті жан. О кісі де мұны ерекше жақсы көреді. Анда-санда әжесінен сұрап, үйіне әкетеді. Тәтті тағамдарын алдына қойып, әңгімеге тартады.
— Өскенде кім боласың-ей, осы сен, а?
— Алматыға баратын автобустың шопыры боламын.
— Онда әжеңе келмей кетесің ғой?!.
— Жоқ, неге, күнде-күнде келіп тұрамын ғой. Сізге де келемін. Алтын сақина... Әдемі көйлектер әкеліп беремін!
Маңдайынан иіскеп, еміренген кейуананың көзіне жас тығылып, үні құмыға шығады.
— Тілегіңнен айналдым, құлыным! Сен жігіт болған күнді мен байғұс көремін бе, көрмеймін бе?
Ай аралатып қалың қорымдағы бейіттерге әжесі, осы көрші кемпір үшеуі келіп дұға жасап қайтады. Атасын бұл көрмеген, ағасы еміс-еміс қана есінде. Атасы бұл түгілі әкесінің де есінде жоқ көрінеді. Себебі, тым ерте қалған. Үлкендердің айтуынша, о кісі кезінде осындағы Мәдениет үйін басқарған, керемет күйші, домбырашы адам екен.
Әжесі мұны күнде балабақшаға баратын жолдың тұсындағы қырға дейін жетектеп келіп, бұл кіріп кеткенше соңынан қарап тұрады.
Бұл да едәуір уақыт артына жалтақтап қарағыштап барады да, кенет заулап жүгіре жөнеледі. Балабақшаға көбіне кешігіп барады. «Неге бүйтесің» деп ешкім кейіген де емес. Үйреншікті жағдай. Барғанында, әдетте, таңертеңгі тамағын ішіп болған балалар ойынды қыздырып жатады.
Осы жолы да бірталай кеш шыққан-ды. Бақша түбіндегі үлкен асфальт жолды қиып өтуге беттеген мезгілде алдынан манағы алып автобус гу етіп өте шыққан. Сәл болмағанда басып кететіндей екен. Кілт тоқтай қалып, соның соңынан ұзақ қарап тұрды.
Бір қараса, артынан ентіге басып Қуаныш та жетіпті. Бүгін ол да кеш шыққан секілді. Екеуі балабақшаның бір тобында. Үлкейгенде шахтер боламын деп жүрген бала. Өзі су жаңа пиджак киіп алыпты. Бұл әжесі тігіп берген барқыт күртеше мен немере ағасының балағы қысқартылған шалбарымен жүр. Басындағы қалпағы да ескірген. Жоқ, жаңа киімнің түр-түрі мұнда да бар. Мамасы мен папасы келген сайын небір костюмдерді әкеледі. Бірақ әжесі бәрін жақсылап қаттап, көк кебежесіне тығып тастайды. «Мерекелерде, той-томалақта кигенің жөн» дейді. Талай тойлар да өтті ғой, бәрібір кигізбейді. Соған қарағанда, бұ кісі күткен мейрам айырықша бір мейрам болуы керек! Киімдерінің көпшілігі ұзақ кимегендіктен қысқарып қалып, туысқандарының өзінен кіші балаларына кеткен. Оған ренжімейді, жаңа киімімді кием деп те көрмеген. Әке-шешесі тезірек келсе болғаны. Дүрбі әкеп береміз деп еді...
Анда-санда папасы мен мамасы осы жақта неге тұрмады деп те қиялдайды. Онда автобустың шопыры емес, Қуаныштар сияқты кенші болар ма еді?..
Бірақ күндердің күнінде бұлар мекендеген көрікті шахтерлер қалашығы да бомба түскендей біртіндеп қирауға айналған. Тұрғындары күн сайын үдеріп көше бастаған. Өйткені мұндағы екі үлкен шахтаның екеуі де жабылған еді.
Сөйте-сөйте, пошта үйі де жұмысын тоқтатты. Қазір біреулер оны да бұзып алып жатыр.
Кейде әке-шешесі қалада тұратынына қуанатын кездері де болатын. Тәрбиеші апайлары анда-санда поштадан әкесінің суреті бар газет алып келіп, бүкіл баланың көзінше «Мынау сенің папаңның жазғаны!» — деп көрсетеді. Сондай шақтарда кеудесін ерекше бір шаттық кернеп, қатты масаттанады. Поштаның жабылып қалғаны да жаман болды, өйтпегенде дүрбіні сол арқылы жібере салар еді...
Кешкісін балабақшадан қайтып келе жатып төбеде күтіп тұрған әжесін көрді.
Мұны жетелеп алған қарт ана ала сиырдың өрістен қайтпай қалғанын айтты.
Екеуі бірден биік Әулиешоқы жоталарының сыртына дейін шығып, шат-шаттың арасын ұзақ кезген. Күн желкем. Қас қарайып қалған шақ еді. Ала сиыр жоқ. Бір уақытта шаршаған әжесі «Уһ, жаным-ай!» деп бетін қына басқан, үлкендігі үстелдей жалпақ тастың шетіне отыра кетті. Бұл да тізе бүге беріп, тас түбінен жылт ете қалған бірдеңені байқап жүрегі тас төбесіне шықты. Балалардың тау арасында жылан бар деп жүргенін құлағы шалған еді. Бірақ біреуді жылан шағыпты дегенді естімепті. Жылтыраған нәрсе қозғалмайтын да секілді. Абайлап, ақырын еңкейіп қараса, ұзындығы он-он бес метрге таяу, жуан алюминий сым екен. Әлдебір желіден үзіліп, ғайыптың күшімен осы жерден бірақ шыққан. «Біссіміллә! Жар бола гөр, Жаратқан ием!» — деді іштей. Мағынасын онша ұқпағанмен әжесінен үйреніп алған сөздері.
Әлден уақытта біршама тыныстап алған әжелі-немерелі екеу ауылға қарай аяңдады.
— Қой, қайтайық. Келсе келсін, келмесе қасқыр жесін қарасан келгірді!
Әжесі самбырлап, ала сиырға ұрысып келеді.
Бір кезде қайдан пайда бола кеткені белгісіз, қарсы алдыларынан ала сиырдың өзі де шыға келді.
— Ау-хау, ау-хау!
Әжесі жүрісін жылдамдатып, мұны сүйрей-мүйрей, алға қарай аршындай ұмтылған.
Сиырдың соңынан еріп үйге қайтып келе жатып, Бәдиша кемпірдің терезесіне көзі түсті. Шамы жарқырай жанып тұр. «Не істеп отыр екен Бәдиша тәте? Тағы да ескі альбомдарын ақтарып, шалының әскерде түскен суреттерін көріп мұңайып отырған шығар, — деп ойлады. — Басқа кімі бар о кісінің сағынатын?! Мен болсам, алыстағы әке-шешеміді сағындым!».
Жайлауға кеткен немере ағасы көптен хабарсыз. Бұдан алты-жеті жас үлкен бала. Ол да әжесінің қолында оқиды. Жазғы демалысы басталысымен көрші ауылда тұратын ата-анасына тартады. Үлкен шешелері екі немересін «Бере салған асырандыларым!» деп еміренеді. Одан күбірлеп: «Бергеніңе шүкір, Жасаған! Көп көре көрме!» — деп жалбарынады.
Бір-біріне қатты бауыр басқан екеуі сабақ пен ойыннан қол боста көбінесе Қызылтас тауы қойнауында орналасқан шахтаның моншасына түсуді ұнатады. Әжесі ғұмыр бойы сол шахтада жұмыс істепті. Жақында ғана зейнеткерлікке шыққан. Қарт шешесі немере ағасын: «Бұл — сенің екінші анаң! Мен жұмыста жүргенде қаршадай болып сені баққан осы!» — деп құлағына құйып отырады.
Ағасы өте атқұмар... Тығыншықтай болып ат құлағында ойнайтын керемет шабандоз, әрі сонша батыл, епті бала. Қысты күндері көрші-қолаң асау жабағыларын бас білдірту үшін осыған келіп кезекке тұрады.
Ең бір қызықты сәттер де сол. Көшенің барлық баласы жиылып алып, тай үйретісіп, өзара жарысып, «көкпар» тартып, мәре-сәре болады. Өздері ауып та қалып, құлап, жарақаттанып жатса да қайтпайды, тайларына жайдақ қарғып мініп, қайтадан алға ұмтылады.
Бірде ағасы мұны да атқа мінгізіп көрсетем деп шабдар құнанына тоқым салып, айыл тартты. Ағасының үш-төрт күн мініп, жуасытқаны есіне түскен бұл да шабдардың жалына құлшына жармасқан. Бірақ кішкентай баланы жатырқаған үркек құнан біраз жерге дейін алып қашып құлатып кетті. Ағасы әжесінен сол қатты сөгіс естіді. Кешке қарай мұның ыстығы көтеріліп, екі-үш күн ауырған. Бәйек болған қарт шеше немересін далаға алып шығып, толған айға қаратып бірдеңе деп күбірлеп, қара кебісінің ұлтарағымен ұшықтады. Ағасында да жан қалмады. Күнде қасынан шықпайды, оны-мұны айтып алдаусыратады, күлдіргісі келеді. Бір қызығы, ұшықтаған түннің ертеңіне бұл түк болмағандай, орнынан құлан таза айығып оянды.
Сол күннен бастап ағасы бұны жылқы атаулыға жолатпайды. Оның әке-шешесі мал бағады. Кетерде інісін «Милы» деп аталатын жайлауларына ертіп кеткісі келген еді, бірақ, әжесі «қой, қайдағыны айтпай!» деп жібермей қойды. Ал, күзге дейін әлі талай уақыт бар. Ағасын да ойлап, елегзитінді шығарған. Тәрбиешілері «балабақша жөндеуден өткенше демаласыңдар» деп еді. Бірақ ол да арада бір жеті өткенде мүлдем жабылып қалды.
Бір күні кеніш орнына түсті металл жинайтын кісілер келіпті деген сөз шықты. Әрине, қабылдап алған заты үшін ақша төлейді. Бұл да ұсақ-түйек орналасқан сарайдан бір қап тауып алып, ересектеу балаларға еріп кішкене көк велосипедіне мініп алып көше кезді. Жез бен алюминий, латунь қалдықтары, әсіресе, шахта төңірегінде көп. Сол маңайды да кешке дейін тінте шарлап, сым-темір жинады. Алғашқы күні бір қаптай металл өткізді. Қара терге түсіп көп еңбектенген еді. Қанша келі болғаны есінде жоқ, сол жерде жауырыны қақпақтай мұртты кісі ләм-мим деместен бұның қолына қып-қызыл елу теңге ақша ұстатты. Мұндай олжа тапқанына шаттанған бала үйге қайтар жолда базардан әжесіне екі әшмөңке үнді шайын, өзіне балмұздақ алған. Терлеп-тепшіп жеткенінде кәрі анасы да қатты қуанды.
— Аузыма су тамызып, қолымды жылы суға малатын құлыным, қайдан алып жүрсің бұны?! — деді мейірленіп.
Бірақ іштей жоғарырақта тұратын құрбылары немесе өзінің тұрмыстағы қыздары беріп жіберген деп шамаласа керек. Немересі болған жағдайды бастан-аяқ мақтанғандай болып айтып бергенде екі көзі атыздай болған.
— Ендігәрі бүйткеніңді естімейін! — деп тыйып тастады. — Шахтаға құлап өлгелі жүрсің бе, Құдай-ау! Әке-шешеңе не бетімді айтам! Қант-шайым таусылып, шегедей балаға темір тергізіп қойдым деймін бе?!
Сол жерде енді о жаққа аттап баспаймын деп уәде берді. Бірақ енді екі-үш қап металл сынығын жинасам, әжептәуір ақша аламын-ау деген бастапқы қызығушылығы басыла қойған жоқ-ты. Ертеңіне шешесінің көзін ала бере тағы жөнелді. Өткенде сиыр іздеп жүргенде кезіккен ұзын сым есіне түскен еді. Бұл жолы шапқы мен балға алып, әжептәуір сайланып шыққан. Велосипедімен жер апшысын қуыра заулап, ентіге жетіп барса, іздеген сымы со күйімен жатыр. Дереу отыра қалып ұзын сымды бөлшектеп кесуге кіріскен. Қолын да ұрып алып, саусақтарын да қанатып, ұзақ әуреленді. Әлден уақытта-ақ әрқайсысы елу сантиметрдей мөлшермен кесілген сымды қаттағанында, бір буда тең пайда болды. Оны мықтап буып, көлігінің артына байлап тастады. Әйткенмен, жүкті жеткізу оңайға түспеді. Қабылдау мүйісіне дейін тең артқан велосипедін сүйеп, бірталай азаптанып, жаяу баруына тура келді. Ауылға кіргеннен-ақ балалар «қайдан алдың, қайдан алдыңдап» шуылдай қарсы алған. Бұл иегін көтеріп тау ішін нұсқап үлгергені сол-ақ екен, бәрі дүрлігіп солай қарай шапқыласа жөнелген.
Металл қабылдайтын үндемес дәу аға кішкентай баланың еңбекқорлығына сүйсінді ме, әкелген жүгін өлшеп те жатпастан мұның алақанына бірден екі жүз теңгелікті салып берді. Үйге асығыс келген бұл ақшасын целофанмен мұқият орап, ит күркесінің табанына тығып тастады. Қалаға барса да, осында жүрсе де, әйтеуір, бір қажетке жарататыны анық қой! Әжем байқап қалмаса екен деп абдырап, алақтап та жүр.
Екі-үш күннен кейін әжесімен әңгімелесіп отырған Бәдиша кемпірдің әңгімесін құлағы шалған. Түсті металл іздеген әлдебіреу бұзылған шахта маңайындағы құдықтардың біріне құлап, мертігіпті. Әзірше өлі-тірісін ешкім білмейді, дәрігерлер алып кеткен дейді. Содан-ақ сым қабылдаушылар да дереу тайып тұрыпты.
Көп ұзамай тағы бір адамның көз жұмғаны мәлім болды. Қаңырап қалған көп қабатты үйлердің кірпішін бұзып, сатумен әуестене бастаған кісі көрінеді. Құлаған қабырға астында қалыпты. Осыларды естіп төбе құйқасы шымырлаған.
Ертеңіне дағдысынша автобустың дыбысынан емес, ерекше бір күшті уілден оянды. Ұйқысы шайдай ашылып, осынау айырықша үнге құлақ түре қалды да, оның көк жүзінде самғап бара жатқан әлдебір үлкен лайнердің дыбысы екенін ұқты. Сирек болсын, елдімекен төбесінен ерсілі-қарсылы өтіп жататын ұшақтарға осы кезге дейін мән бермей келгеніне таңырқап жатты. Бұрын қалайша аңдамаған, бұл автобусқа қарағанда әлдеқайда жылдам... әлдеқайда ұшқыр көлік қой! Көңіліне елегізу кіріп, бұрынғы арманы қолма-қол аласарып... күрт жер бауырлап төмендеп қалғандай қоңылтақсыды.
Одан атып шығып, көз ұшында ұзап бара жатқан көк кемесін қызықтап көп тұрды. Кенет, жанары шырадай жанып, жүрегі аттай тулап қоя берген. Бір қараса, сонадайда ақсия күліп, қолына әлденелер ұстаған әкесі жүгіріп келеді. Оны өкшелеп шешесі келеді елпілдеп...
Аспанға қарап тұрып қызыл «Икарустың» келіп тоқтағанын аңдамай да қалыпты...