28.10.2021
  145


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жылға арналған тілектер

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 20** жыл біз үшін берекелі де жемісті болды. Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде. Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!





Пікір жазу