28.10.2021
  111


Автор: Абзал Бөкен

Диогеннің дегені

Сұрамайтын сұғынып ештеңені,
Сұңғылаға не берді өскен елі?
Дүмді патша кегенде,
Диогенің
баспанаға айналған бөшкеде еді.

-Жалғау үшін кеп тұрмын үзігіңді,
Білдір, – деді билеуші, – үзіріңді.
Қыздырынып отырған күн көзіне
Кемеңгердің кермиық жүзі күлді;

Төресіне төндіріп тамыздығын,
Ақылманның айтқаны аңыз бүгін:
«Қалқаламай күн көзін былай тұршы,
Бұдан өзге жоқ, – деді, – арыз-мұңым».

Сарайынан сабылып ұлық кепті,
Ұлықпын, – деп жаппасын тұнық көкті.
«Балық» солай бөшкеде бұлқынған соң,
Беттей алмай Зұлқарнай жүріп кетті.

Алыс жақтан аңқыған Арқаға ана
Астарын ұқ аңыздың, қалқа-бала.
Сен Македон емессің,
мен Диоген,
Күннің көзін, ендеше, қалқалама.




Пікір жазу