meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.10.2021
  2567


Дене мүшелері туралы мақал-мәтелдер

Шақшалы шал бақ шарлар,
Ақ шашты шал ат байлар.

* * * * *

Көпке бекер өкпелеме,
Өкпе етпе,
Тектен - текке өкпелетпе.

* * * * *

Бас – кемеңгер,
Жүрек – ер,
Құлақ – бұлақ,
Аяқ – пырақ,
Қол – мұрап,
Тіл – тілмаш,
Кілтін тап та сырын аш.

* * * * * * * * * *

Бас кепек болса да, тіл кепек жоқ.

* * * * *

Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады.

* * * * *

Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.

* * * * *

Ана жүрегі теңізден терең

* * * * *

Көбікті қарда түлкі ойнар,
Көңілді көзде күлкі ойнар.

* * * * *

Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды

* * * * *

Бала адамның бауыр еті.




Пікір жазу