26.10.2021
  3642


Автор: Жібек Ысқақова

Директорға тілек

Басшысы мектеп ұжымның,
Алға бізді жетелер.
Қиындық түссе бір сәтте,
Еңсемізді көтерер.

Директорға бір тілек,
Туған күнге бүгінгі.
Бар жақсыны тілеймін,
Өлеңмен өріп гүлімді.

Аман болсын басыңыз,
Аспаныңыз ашық боп.
Ғұмырлы болсын жасыңыз,
Қиындықтар қашық боп.

Мектебіміз жандансын,
Алдыңғы жақтан көрініп.
Жасай берші басшы ағай (апай),
Өзіңізде зор үміт...




Пікір жазу