26.10.2021
9437
Апа, әпке, туған күніңмен!
Мейірімді, жүрегі кең даламдай,
Әр уақытта жүретін бізге алаңдай.
Апам менің ашық-жарқын мінезі,
Бар жақсысын тілейтін бізге анамдай.
Құтты болсын туған күнің жан апа,
Арайлы да, шырайлы атсын таң апа.
Жастан жасқа амандықта жетіңіз,
Балдай сөзі баурап алар, бал апа.
Немерелер қызығына тоймай сіз,
Шөберені көріп апа, тойлай сіз.
Алла өзі қолдап апа, қорғаштап,
Ортамызда гүлдей жайнап жүріңіз!
Гүл апамсыз, шуақты атсын таңыңыз,
Жаздай болып жадырап, жайнап жаныңыз.
Жүз жасаңыз апа ғасыр тойлайық,
Сыйластықта бірге апа, бәріміз!