26.10.2021
9489
Інім, бауырым туған күніңмен!
Соңымнан ерген інім өзің, бауырым,
Шуақты боп ата берсін таң інім.
Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Мейірімді, асыл жанды жан інім.
Бар жақсыны бір өзіңе тілеймін,
Амандықта жан бауырым жүр деймін.
Алла өзі жар боп саған әрқашан,
Тура жолда, адал өмір сүр деймін.
Әрбір ісің дұрыс болсын, жөн болсын,
Әр қадамың жан бауырым оң болсын.
Тілекшімін, бар бақытты тілеймін,
Бал өмірің жайнасын да зор болсын!