26.10.2021
  2659


Автор: Жібек Ысқақова

Анашым, туған күніңмен!

Алақанда аялап, мәпелеген,
Жаңа өмірге қолымнан жетелеген.
Асыл анам жан анам жаны жайсаң,
Мен балаңмын өзіңе еркелеген.

Құтты болсын анашым, жаңа жасың,
Бір жыл салып ортамыздан орын алған.
Жүз жасашы жан анам Алла жар боп,
Бар жақсылық өзіңізді күтіп алдан.

Немерелер қызығына тоймай анам,
Шөбере сүй тәп-тәтті, балдай анам.
Жүз жасашы, ғұмырыңыз ұзақ болып,
Шуақты боп ататын таңдай анам!




Пікір жазу