26.10.2021
  786


Автор: Жібек Ысқақова

Армысыздар ағайын!

Армысыздар ағайын,
Бармысыздар ағайын?!
Қиын сәтте демейтін,
Атқызар таңның арайын.

Қуанышта бірге боп,
Қуантатын маңайын.
Сендерменен таң нұрлы,
Кіргізер жан сарайын.

Өздеріңді ерекше,
Алтын жанға балаймын.
Жүздеріңде нұр ойнап,
Шаттанғанын қалаймын.




Пікір жазу