Ұрпақты өтірікке тәрбиелеп жатырмыз.
БАҚ — ол тәрбие құралы. Қазір бізде көгілдірлерді ашық насихаттау жұмысы басталды. Жастарға арналған дені дұрыс бағдарлама жоқ. Жастарымыз мәңгүрттенуіне, кері кетуіне әсер ететін не? Ақпаратпен қамтамасыз етілмегенінен. Білімсіздігінен. Оларға айналаның бәрі дұрыс секілді көрінеді. Отандық телеарналарды қарайсың, қарайсың да «е, бізде бәрі жақсы екен ғой» деген ойға қаласың. Сонда олардан қандай патриот шығады? Толық мәңгүрттену саясатын өте жақсы жүргізіп жатыр. Бізде қаншама телеарна бар, бірақ солардың ішінде біреуі де осындай олқылықтарды, кемшіліктерді сынаған адамды эфирден көрсетуге дәті шыдамайды. Сондай бір ақпарат кетсе, жоқ дегенде он қазақ жастары ойланады ғой. Біз неге осындаймыз? Неге оқымаймыз деп. Адамға қандай тамақ берсең жей береді. Жастарға өкпелемеймін. Біз оларды өзіміз осындай қылып тәрбиелеп алдық.