26.10.2021
  547


Автор: Ринат Зайытов

Қымбат

Қазақтың майы менен наны қымбат,
Қыздардың ары - арзан, тəні - қымбат.
Барлығы да қымбаттап бара жатыр
Неге олай боп жатқаны əлі жұмбақ.
Дəрігердің айлығынан дəрі қымбат,
Əншінің өз басынан əні қымбат,
Ұзын сөздің қысқасы ар-намыспен
Ақиқаттан басқаның бəрі қымбат...





Пікір жазу