25.10.2021
  775


Автор: Жібек Ысқақова

35-жас, туған күніңмен жаным (әйеліме туған күнге тілек)

Айым, күнім, жұлдызым баға жетпес,
Бағым өзің, жаным өзің ешкім жетпес.
Ақ жаулықты отанасы отбасымның,
Сенсіз минут, секунтта қызықты өтпес.

Құтты болсын асыл жарым туған күнің,
Отыз бес жас есіктен еніп келген.
Көктемдейін құлпыртып айналаны,
Бұл жаныма әсерлі лебін берген.

Отыз бес жас қуантып жаным келді бүгін,
Отыз бес жас бар бақытын сыйлай берсін.
Асыд жарым, сүйіктім, ғашық жаным,
Отыз бес жас бар жақұтын жинай берсін.





Пікір жазу