25.10.2021
  1934


Автор: Жібек Ысқақова

35-жас, туған күніңмен сүйіктім (күйеуіме туған күнге тілек)

Есік ашып келіп қалды отыз бес жас,
Құтты болсын сүйіктім, асыл жарым.
Бар бақытты тілеймін жаным саған,
Шуағын шашып жаным деп атсын таңың.

Ұл-қызымның әкесі, Асқар таусың,
Өзіңменен жайқалар бақша бау- шын.
Құдай қосқан қосағым, асыл жарым,
Бұл өмірде ең керемет, супер жансың.

Амандықта ортамызда жүрші жаным,
Бслдарымның әкесі, сенсің бағым.
Отыз бес жас бар жақсысын сыйлай берсін,
Жүрегімнің иесі, сүйген жарым.




Пікір жазу