25.10.2021
  959


Автор: Жібек Ысқақова

25 жас туған күніңмен сүйіктім (күйеуіме туған күнге тілек)

Жиырма бес мүшел жасың келді жаным,.
Құтты болсын сүйіктім туған күнің.
Бар жақсысын өзіңе шын жүректен,
Арнайды жаным жайқалған гүлің бүгін.

Арман менен мақсаттарың орындалсын,
Алла өзі жар болып сүйген жарым.
Арайлы да шаттықты сыйлайтұғын,
Жаным, жарым өзіңсің атар таңым.

Көңіліңде қайғы-мұң болмасыншы,
Раббым Алла біздерді қолдасыншы.
Амандықта болып сен отағасы,
Бар жақсылық үйімізде орнасыншы.

Екінші мүшел қуанышын алып келсін,
Шамшырағын біздерге жағып берсін.
Асыл жарым, ғашық жаным өмір бізге,
Жарқыраған көз моншақ тағып берсін.





Пікір жазу