25.10.2021
  786


Автор: Жібек Ысқақова

40-жас туған күніңмен досым

Әрбір сөзі жанымызды байрайтын,
Үзілген жіпті әрқашанда жалғайтын.
Бауырым бар жан досым, туғанымдай,
Қозғалса да дүние шайқалмайтын.

Сол досымның туған күні бүгін міні,
Қырық жасқа толып жатыр, құтты болсын.
Ал бауырым, жан досым айтарым сол,
Отбасыңда қуаныш, шаттық толсын.

«Қырық жаста қамал бұзар» дейді қазақ,
Қамал бұзар шақ келді, болғын озат.
Бар әлемнің жақсылығын тілеймін мен,
Өмір сүргін бауырым балдай ғажап..




Пікір жазу