25.10.2021
1968
![](/uploads/shorttexts/author_image/cf96314308b2d775b102918888b4e14b-original-38322.jpg)
Атамекен
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны-ау деп білем
Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесі
Қазағымның махаббаты-ау деп білем
Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Асқар тауың, аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі-ау деп білем
Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен
Қайда жүрсең ата мекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі ұясына
Қыймай оны батады екен