25.10.2021
  245


Автор: Балалар әні

Көкешім

Сөзі Ә.Асылбектікі
Әні М. Омаровтікі

Көкесі: Айналайын, бөпешім,
Ән салады көкешің.
Есейгенде ер жетіп,
Кім болады екенсің?

Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,
Тәнті балғын бөпешің.
Әсерлі де әуенді
Әнге құмар етесің.

Бірге: Ән – көңілдің ажары,
Ән – өмірдің базары.
Әуелесін, қалқысын,
Қазағымның жаз әні.

Көкесі: Айналайын, бөпешім,
Ән салады көкешің.
Жалғастырсаң жолымды,
Жарық күнім екенсің.

Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,
Тәнті балғын бөпешің.
Әнші балапаныңды,
Шын мақтаныш етесің.

Бірге: Ән – көңілдің ажары,
Ән – өмірдің базары.
Әуелесін, қалқысын,
Қазағымның жаз әні.
Ән – көңілдің ажары,
Ән – өмірдің базары.
Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні




Пікір жазу