25.10.2021
  1250


Автор: Балалар әні

Ақ мамам

Мәтіні:Фариза Оңғарсынованікі
Әні: Айжігіт Асановтікі



Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін

Қ-сы: Ақ мамам, ақ мамам
Құлыншағым күнім дейтін - 2 рет

Әлемдегі ақылды адам
Бәрінен сол жақын маған
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам.

Қ-сы: Ақ мамам, ақ мамам
Құлыншағым күнім дейтін - 2 рет

Жамандықтан сақтандырып
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.

Қ-сы: Ақ мамам, ақ мамам
Құлыншағым күнім дейтін - 2 рет





Пікір жазу