25.10.2021
220
Тапқыр Самат
Самат отыр ойланып,
Сан кестесін ұмытты:
'Бес жерде төрт қанша?' - деп
(Қара мына қызызкты)
Амал керек табанда,
Қайтсем есеп шығады?!
Телефонды алды да
'Ноль - тоғыздан' сұрады
Кенет айла табылып,
Жауап алды сол мезет
Қиналмай-ақ Саматым
Жазып алды 'жиырма' - деп