23.10.2021
  373


Ұйықта, жаным

Алаңдама, шаршама!
Жылдар астың, жолдар бастың қаншама!
Ұйќы деген бір ғажайып дүние
Жан баласы жан-тєнімен аңсаған.


Түсіңе енсін аспан нұрға малынып,
Жұлдыз кешкін, көңіл мұңы арылып.
Жан жәннәті түсте ғана көретін
Жүрегіңе құйсын жұмбақ жарығын.


Таулар мүлгіп, бара жатыр жер қалғып,
Дүниеде ұйықтамаған сен жалғыз.
Ұйќысырап күбірлейді күміс көл,
Ұйқысырап түн кезіп жүр жел қаңғып





Пікір жазу