22.10.2021
1747
20-жастағы ұлыма тілек
Жиырма жасқа толып жатсың бүгін ұлым,
Түріп міне жиырма жасың шымылдығын.
Жаңа жасың жаңа күннің баспалдағы,
Шаттықты етер, бақытты етер жүрек үнін.
Балалығың артта қалып, шалалығың,
Көріне берсін ұлым-ау даралығың.
Сөзге шешен бол ұлым ел адамы,
Өн бойыңнан байқалып даналығың.
Көңіліңді жан ботам мұң шалмасын,
Бұл өмірің жалғай берсін құнды арнасын.
Бар жақсылық орналып, таба берсін
Әуелетер әнің мен жыр жалғасын...
Түріп міне жиырма жасың шымылдығын.
Жаңа жасың жаңа күннің баспалдағы,
Шаттықты етер, бақытты етер жүрек үнін.
Балалығың артта қалып, шалалығың,
Көріне берсін ұлым-ау даралығың.
Сөзге шешен бол ұлым ел адамы,
Өн бойыңнан байқалып даналығың.
Көңіліңді жан ботам мұң шалмасын,
Бұл өмірің жалғай берсін құнды арнасын.
Бар жақсылық орналып, таба берсін
Әуелетер әнің мен жыр жалғасын...