21.10.2021
  895


Автор: Жібек Ысқақова

27-жас туған күнің құтты болсын!

Жиырма жеті жас келді,  құтты болсын,
Туған күнің  бүгінгі нұрға  бөлеп.
Денсаулығың әрқашанда мықты болсын,
Алла өзі жар болып,  жүрсін демеп.

Армандарың орындалсын мақсаттарың,
Жаздай болып жадырап,  жайнап жаның.
Сәттілік пен қуаныштар орнай берсін,
Шуағына бөлеп сені әрбір  таңың.

Бал-бұл жанған өмірің жарқырасын,
Қуанышы,  бақыты,  шаттық басым.
Аман болып отбасың,  жақындарың,
Өн бойыңа тарасын ішер асың.




Пікір жазу