21.10.2021
  856


Автор: Жібек Ысқақова

23-жас туған күнге тілек

Құтты болсын бүгін сенің туған күнің,
Жиырма үш жас  есіктен еніп келген.
Арманың мен мақсатың орындалсын,
Өміріңе қуаныш,  шаттық берген.

Мұң шалмасын көңіліңді қардай аппақ,
Сүрінбегін өмірде тайғанақтап.
Күн мен айың жарқырап өміріңде,
Бар жақсысын сыйлай берсін екі жақтап.

Алла өзі қолдасын,  қорған болып,
Әрбір  күнің шаттығын сыйлап саған.
Биіктерден көріне бер әрқашанда,
Тәнті болып өзіңе  барлық адам.





Пікір жазу