19.10.2021
  283


Жас отауға арналған бата

Уа, отау иесі,
Қолдасын Тәңір киесі.
Инабатың игілікке бастасын,
Пейілің жамандыққа баспасын!
Босағаң берік болсын,
Қосағың жерік болсын.
Көңілің ашық болсын,
Өмірің нәсіп болсын!
Әумин, – деп қолың жай,
Мен бір бата берейін.
Бергенде бата не дейін:
Әуелі Кұдай оңдасын,
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Берекелі бақ қонып,
Бірдей өссін мал-басың.
Несібең артып күн сайын,
Өзегің ешбір талмасын.
Жаратқан жаббар жар болып,
Пендеге күнің салмасын!
Жаратушы кұдірет,
Жарылқаудың қамын ет,
Қайырлы ғүмыр кешуді,
Ұрпақтарға нәсіп ет.
Қосылған осы жастарды,
Зылиқа мен Жүсіптей,
Бір-біріне ғашық ет.
Ғайып ерен қырық шілтен,
Назарыңды салып өт.
Тар жол, тайғақ кешуде,
Жәрдемдесіп алып өт.
Бақыт, дәулет, перзентте
Еш болмасын қасірет
Ықыласпен тілек тілеген
Тілекті, Алла, қабыл ет,
Әумин!





Пікір жазу