19.10.2021
  823


Сәби келді өмірге

Сәби келді өмірге, Сәби келді!
Бір күй кернеп, шалқытты ән іргемді.
Анасы аман босанды, қалжа жесін,
Ат ұстайтын азамат бар үйде енді.
Сәби келді шыр етіп, дүрліктіріп,
Өзінің кім екенін тұрды ұқтырып.
Сійінші – деп Шапқылап бара жатыр,
Інішегім тайына ырғып мініп.
Той басталды толайым – Шілдехана,
Бала бақыт, Мейлі ұл, қыз болса да,
Ағайын айналаға ат шаптырып,
Қуансын Сійінші деп жүз босаға.
Шілдехана қосады ой-тілекті,
Бауы берін болсын, деп Тойшы кепті!
Өмірге тағы да бір Қазақ туып,
Сананы салтанатпен серпіп өтті.
Шілдехана – ұлы той, жан ұшқыны,
Желкілдеді ауылдың намыс туы.
Жігіт болар ертең-ақ,
Аман болсын, Көрінген таудың бар ма алыстығы!?
Әумин





Пікір жазу