19.10.2021
169
Кейде менің кеудемде жын ойнайды
Кейде менің кеудемде жын ойнайды,
Мені момын, жуас деп кім ойлайды?
Қарынбайдың қалтасын қағып-сілкіп,
Шыбыртқылап аламын Шығайбайды!
Кейде менің кеудемді жел кереді,
Жел кергенде жетім де ер келеді:
Қаратауды байлап ап қанжығаға,
Алатауды алдына өңгереді!
Кейде менің кеудемде сел жүреді,
Сел жүргені көзге үрей ендіреді:
Жұмақ жұртын жұқ көрмей жұмырына,
Тозақ отын топан су сөндіреді!
Кейде менің кеудемде мұң түнейді,
Қу тірлікті құлқынның құрты жейді.
Жағадан ап жарымес дүниені
Құрбан болған күндерім құн тілейді!
Кейде менің кеудемде..
Мені момын, жуас деп кім ойлайды?
Қарынбайдың қалтасын қағып-сілкіп,
Шыбыртқылап аламын Шығайбайды!
Кейде менің кеудемді жел кереді,
Жел кергенде жетім де ер келеді:
Қаратауды байлап ап қанжығаға,
Алатауды алдына өңгереді!
Кейде менің кеудемде сел жүреді,
Сел жүргені көзге үрей ендіреді:
Жұмақ жұртын жұқ көрмей жұмырына,
Тозақ отын топан су сөндіреді!
Кейде менің кеудемде мұң түнейді,
Қу тірлікті құлқынның құрты жейді.
Жағадан ап жарымес дүниені
Құрбан болған күндерім құн тілейді!
Кейде менің кеудемде..
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы кейде менің кеудеме жан сыймайды