meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  18.10.2021
  390


Қарияның жастарға батасы

Балалардың ұзақ болсын өмір жасы,
Бірге өссін біте қайнап мал мен басы.
Қашанда тіл мен көзден аман сақтап,
Қасында жүрсін оның пір панасы.
Үйреніп өнер-білім өрге жүзсін,
Үлгі алсын қатар-құрбы замандасы.
Қондырып оң жағына отауларын,
Қызығын көрсін оның ата-анасы.
Алдынан шамшырағы қарсы жанып,
Гүлденсін жер мен көктің екі арасы.
Шалынсын періштенің құлағына
Біздердей қариялардың ақ батасы.
Әумин.





Пікір жазу