18.10.2021
191
Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң!
Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң!
«Көрсем-ау, шiркiн...» деушi едiм.
Ай шығады екен аспанға,
Батысқа балқып енсе Күн.
Аспанға қалқып шыққан Ай
Арзуымды əппақ құптағай.
Тiлектi iңкəр құп алып,
Жүректi сыңар жұптағай.
Көргенiм құрсын, көргенiм,
Көзiме тұнды көл менiң.
Тежеусiз тентек жүрегiм
Тепкiлеп жатыр жөргегiн.
Көрсетпей қойды көк Айды,
Күлкiсiз күнiм көбейдi.
Мендегi ғашық хал осы,
Сендегi жүрек не дейдi?
«Көрсем-ау, шiркiн...» деушi едiм.
Ай шығады екен аспанға,
Батысқа балқып енсе Күн.
Аспанға қалқып шыққан Ай
Арзуымды əппақ құптағай.
Тiлектi iңкəр құп алып,
Жүректi сыңар жұптағай.
Көргенiм құрсын, көргенiм,
Көзiме тұнды көл менiң.
Тежеусiз тентек жүрегiм
Тепкiлеп жатыр жөргегiн.
Көрсетпей қойды көк Айды,
Күлкiсiз күнiм көбейдi.
Мендегi ғашық хал осы,
Сендегi жүрек не дейдi?
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері көркің-ай сенің менің халім осылай Исраил Сапарбай шығармашылығы сендегі жүрек не дейді?