18.10.2021
  141


Автор: Исраил Сапарбай

Шашыңнан сүйер едiм талдап қана

Шашыңнан сүйер едiм талдап қана,
Қасымда қалар болсаң əруақта да.
Жарлығын Жаратқанның екi етпестен
Өзiңдi тапқан екен əруақты ана.
Шашыңның тарқатылған санап талын,
Байқамай қалдым бiлем таң атқанын...
Не шара, Айды еншiме бере тұрып,
Жiберсе Күндi елшiге Жаратқаным?..






Пікір жазу