meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  18.10.2021
  225


Автор: Исраил Сапарбай

Аққу

Айдында аққу керiледi
Ару қыздай суға барған.
Көктен шуақ төгiледi,
Көкiректе тулап арман.
Айдында аққу таранады
Ару қыздай суға барған.
Жағалауға қаранады,
Жан-жағында шулап орман.
Айдында аққу шомылады,
Əппақ мойнын суға малған.
Маған қашан жолығады
Сол сұлу қыз суға барған?






Пікір жазу