meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  18.10.2021
  218


Автор: Исраил Сапарбай

Кiрпiгiңе жас қондырмайын

Кiрпiгiңе жас қондырмайын,
Жанарыңды жасқандырмайын.
Жанымда жүршi жарығым менiң,
Шапағын тауға шашқан нұрдайын!
Аққумен құрбы пəк құсым менiң,
Арыңа əппақ дақ түсiрмейiн.
Тамсанып ернiм,
Əн салып көңлiм,
Талықсып жатып «тəттiсiң...» дейiн.
Үзбесе жасыл желегiн қайың,
Өзiңе əн мен өлеңiм дайын.
Аузымнан түспей Құранның сөзi,
Алла мен саған сенемiн дəйiм!..




Пікір жазу