18.10.2021
  140


Автор: Исраил Сапарбай

Жүрегімді түбінен

Жүрегiмдi түбiнен
Қазатын жан бар ма екен?
Жан жарасын тiлiмен
Жазатын жан бар ма екен?
Үмiтiмнiң шырағын
Жағатын жан бар ма екен?
Тағдырымның тұрағын
Табатын жан бар ма екен?
Өрге шықсам, басымда
Жанатын жан бар ма екен?
Көрге түссем... қасымда
Қалатын жан бар ма екен?
Көзiмдегi бұлаққа
Қанатын жан бар ма екен?
Менiмен бiр Жұмаққа
Баратын жан бар ма екен?..




Пікір жазу