18.10.2021
197
Жанарыңмен тұнық қара
Жанарыңмен тұнық қара
Есiмдi алдың, Лəйлi-елесiм...
Саусағыңды бүгiп қана
Қашан маған шəй бересiң?
Таң менен түн тайталасып,
Пердеңдi ашсаң, Ай көресiң...
Ақ төсектi айқара ашып,
Қашан маған жай бересiң?
Үркекпiсiң, ұяңбысың,
Қандай тəттi назың, жаным?!
Маңдайыма сыярмысың,
Пешенеме жазылғаным?..