meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  18.10.2021
  197


Автор: Исраил Сапарбай

Есенинше

Жарқ еттiң-ау!
Онсыз-дағы жаралы ем...
Сенде екен ғой мен iздеген бар əлем!
Үлбiреген ерiнiңнiң ұшына
Қона қапты ноқаттай бiр қара мең.
Қара меңге қадалып бiр қарап ем,
Қара өлеңге сыйып кеттi бар əлем!
Дəрi де емес,
Бəрi де емес жалғанның,
Жалғыз ғана сен екенсiң маған ем,
Шаганэм!




Пікір жазу