18.10.2021
230
Сүйші мені
Сүйшi менi...
Сүй тағы,
Ерiнiмде дақ қалсын.
Боз даланың сиқы əнi,
Бозмұнарға батқан шын.
Ащы-тұщы тағдыр бұл,
Құдайына құлданған.
Бiле-бiлсең, жан құрбым,
Өмiр соңы – сұм жалған.
Ерiншекке ұйқы – азық,
Арсызға не айлаң бар?
Кəрi қыздай сиқы азып,
Кетiп қапты Айдан да əр.
Сүй, сүйе түс,
Сүй, жаным...
Мен өмiрден озарда:
Кəмiл болсын иманым
Алып кетер ажалға...
Сүй тағы,
Ерiнiмде дақ қалсын.
Боз даланың сиқы əнi,
Бозмұнарға батқан шын.
Ащы-тұщы тағдыр бұл,
Құдайына құлданған.
Бiле-бiлсең, жан құрбым,
Өмiр соңы – сұм жалған.
Ерiншекке ұйқы – азық,
Арсызға не айлаң бар?
Кəрi қыздай сиқы азып,
Кетiп қапты Айдан да əр.
Сүй, сүйе түс,
Сүй, жаным...
Мен өмiрден озарда:
Кəмiл болсын иманым
Алып кетер ажалға...
Исраил Сапарбай сүйші мені Исраил Сапарбай өлеңдері сүйші тағы Исраил Сапарбай шығармашылығы ащы-тұщы тағдыр бұл