18.10.2021
  192


Автор: Исраил Сапарбай

Қайғысыз, мұңсыз қайда бақ?

Қайғысыз, мұңсыз қайда бақ,
Жылай да жүрiп күлерсiң.
Ақ шəлi ару Айды орап,
Ақшамым, мейлi, түнерсiн:
Қос өкпе қунап,
Төсекке
Құлшынып енгiм келедi.
Өлеңге,
Өртке,
Өсекке..,
Тұншығып өлгiм келедi!




Пікір жазу