18.10.2021
145
Күрсiнiп салдық
Күрсiнiп салдық...
Нелiктен, неге күрсiндiк?
Түбiне түннiң түсiп кеттi ме бiр Шындық?
Селк ете қалып нелiктен, неге қымсындық?
Елп ете қалып Елеске қолды ұмсындық.
Түбiнде түннiң тұншықса қайтем Шындығым?
Жындының кейпiн кешетiн, бəлкiм, күн бүгiн?
Ағарып таңым... ашылса екен түндiгiм,
Омалып барып оңалса екен тiрлiгiм.
Күрсiнiп салдық...
Жатыр ма екен iште мұң,
Еңiреп тұрып ернiмдi неге тiстедiм?
Су екен десем...
У ма едi ұрттап iшкенiм,
Апырай, Алла-ай, қандай бiр күйге түскемiн?
Не болып жатыр Адамда?
Мынау ғаламда?
Тайғанап кетсем табанға тiреу табам ба?
Тар жолда, əлде, тағдырым түсiп талауға,
Шындықпен бiрге жұтылып кете барам ба?..

Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай шығармашылығы күрсініп алдық су ма десем у ма екен ішкенім