17.10.2021
  132


Автор: Дәркен Танабаев

Дамылдаған жүректе....

Дамылдаған жүректе,
Көкейдегі тілекте.
Бәрі жарым сенікі,
Қайрат, құрыш білекте.
Қабағыңда бір өкпе,
Секем алып шыр етпе.
Айналғансың мен үшін,
Өмірдегі тірекке.
Мені бағу ермегің,
Жел сөзге бос сенбегін.
Кісінеген көңілді,
Ауыздықтай бермегін.


Сезім өлсе құсадан,
Жараланар кісі одан.
Еркін өскен асауды,
Қиянат қой тұсаған.
Қысып жатыр нарықта,
Оңай тимес арыққа.
Мақсатыма жетейін,
Мына бес күн жарықта.
Менің ойым жол қамы,
Болсам деймін олжалы.
Шектен шығып баратсам,
Тізгін тартсаң болғаны.





Пікір жазу