ҚАРСАҚБАЙ
Жосалыдан жосылып көш келеді,
Соққан дауыл көрсетпей ештеңені.
Сорақы жел көзге атып құм құйса да,
Бетке алған бекет қонған бос төбені.
Көз алдыңда жантайып тақырлана,
Боп-боз болып без бүйрек жатыр дала.
Топ сексеуіл сыңсылап мұң шағады,
Көктен тамшы берші деп татыр ғана.
Апталық жол қыстағы Қарсақбайдың,
Жолға шыққан керуен шаршап қай күн.
Бұл өлкенің құмындай желі де ыстық.
Өтсек шөлден бекетте жан сақтайтын.
-«Мыс құятын жабдығы қондырғының,
Нар атанды жүнжітіп болдырды інім».
Шенеу ағам кешкісін шағымданды,
Әрең басып келді деп нар сұңғылын.
Сиыр ма еді, сол жылы барыс па еді,
Күрең күздің сезілген алыс демі.
Бес паровоз, екі жүз сексен вогон,
Ағылшындар ентігіп алып келді.
Төрім деп те айталмай қонағына,
Жүрген қазақ патшаның боданында.
Ең шұрайлы жерлерін орыс алып,
Ағылшынның сатылған тонауына.
Қырық жігіт тегістеп ой, сай қырын,
Темір жолын төсейміз он шақырым.
Паровозды керуен откеннен соң,
Қайта сөгіп жалғаймыз біз ақырын.
Шөлді кесіп зар болған қара суға,
Қарсақбайға жол тартқан дара сында.
Нар жігіттер керуен темір жолды,
Үш жыл сүйреп жеткізген нанасың ба.
Ашынған ел тізесін батырғанға,
Ереуілдер айналған лапылдауға.
Шахтыларда мұз кешіп, су жастанған,
Қара қазақ шыққанды қақым барға.
Толқыған ел дүбірлі дала батыр,
Уақыт еді зауалды заман ақыр.
Төңкерістің дауылы бұрқ етті де,
Ағылшындар мыс алмай тарады ақыр.
Жұмыскер ел тарқалған жамыраған,
Содан бітпей зауыт тұр қаңыраған.
Үкіметтің былтырғы қаулысымен,
Қызу еңбек серпілді аңыраған.
Көшпелі ел қамшылап намыс атын,
Кәсіп іздеп жан бағып табысатын.
Комбинатқа кіреші, көлік болып,
Өндіріспен осылай танысатын.
Қумоланың жапырлай сағасына,
Киіз үй, жер төлелер жанасуда.
Алып құрлыс алыстан көзге ұрынып,
Мұнаралар көкке өрлеп таласуда.
Ақ падша да айдалып кейіп келген,
Өзі фельшер керемет байыппенен,
Кен шахтасын көруге жүрем ертең,
Құрлыс басы Ваня ағай Деевпенен.
Көрер едің жұмылған жұлқынысты,
Сахарадан күдіктің бұлты ұшты.
Болашаққа сеніммен жол бастаған,
Жаңа өмірге талпынған тұрқы күшті.
-«Келсең жаным бәрін де көрер едің,
Мен аңсаған Ұлытау төбелерін.
Сағыныштан сарғайған жазираға,
Көз жасыңның қалдығын көмер едім.
Сені сәулем бақытқа бөлер едім,
Құсқа айналсаң қазір-ақ келер едің».
Сүйгеніне жазылған сезім сырын,
Столынан Қаныштың көрер едің.
О, менің кен қазатын әріптесім,
Ескеріп еңбегіңді ел дәріптесін.
Қанышын үлгі тұтып сабақ алған,
Үйреніп өндірістің әліппесін.
Байқоңыр отын, Жезді болып азық,
Жеті қат қылеуеттің кенін қазып.
Төбеңді тіреп алшы алдыменен,
Азырақ деміңді ал белді жазып.
Каскіңде үміт сәуле шырақ жанар,
Айналаң қап қаранғы тұмақ болар.
Жер бетіне жақсы өмір сыйлау үшін,
Жер асты қопарады пласты олар.
Мұнымен жұмыс әсте тамам ба екен,
Теңдейсің арбаларға кенді бекем.
Шахтадан шаңға батып шыққан кезде,
Жылтырап көзің ғана шығар көкем.
Жеткізіп қазандыққа Қарсақбайға,
Мыс, мырыш, қорғасынын тарқатпайма.
Балқыған тозақ оты қазанында,
Құрыштай білектерді шаршатпайма.
Аржағы жұмбақ емес өреліге,
Тамырлай берсем егер тереңіне.
Саф мысын саф алтындай Қарсақпайдың,
Жаратқан әз отаным керегіне.
Қойнауын жеті қабат сараптаған,
Кітаптай әр қыртысын парақтаған.
Сардала сағынышты ойлы жүзбен,
Қарайды Ұлытау боп Қаныш ағам.