17.10.2021
  253


Автор: Дәркен Танабаев

ШЫМКЕНТ

Арудай сәулетті келбетіңе,
Сүйсініп шаттанамын.
Даламдай қонақжай жер бетінде,
Шаһармен мақтанамын.
Шым қалам тұлғалы мәртебеңді,
Арымдай сақтағанмын.
Гүлдерге толтырсам әр төбеңді,
Үмітті ақтағаным.
Тағдыры уақытқа бас ұрмаған,
Ғасырлар аясында,
Жасарып жайнаған жасыл қалам,
Гүлзарлар арасында.
Шымкентім ордасы кереметтің,
Бірлігі жарасады
Келеді қаламды көркем еткім,
Елімнің болашағы.





Пікір жазу