17.10.2021
186
Сен құйған шай қандай ыстық?!
Сен құйған шəй қандай ыстық?!
Қанып iштiк, қанбай iштiк.
Сен құйған шəй қандай тəттi?!
Онсыз да асау қанды ойнатты.
Сен құйған шəй қандай дəмдi?!
Шəй емес-ау, балға айналды.
Алып ұшқан құс көңiл-ай,
Шып-шып терге түскенiм-ай.
Шəйкесенi жай ұстамай
Саусағыңның майысқаны-ай.
Балғын өңiң... тал бiлегiң...
Үнiм шықпай қалды менiң...
Қанып iштiк, қанбай iштiк.
Сен құйған шəй қандай тəттi?!
Онсыз да асау қанды ойнатты.
Сен құйған шəй қандай дəмдi?!
Шəй емес-ау, балға айналды.
Алып ұшқан құс көңiл-ай,
Шып-шып терге түскенiм-ай.
Шəйкесенi жай ұстамай
Саусағыңның майысқаны-ай.
Балғын өңiң... тал бiлегiң...
Үнiм шықпай қалды менiң...
Исраил Сапарбай Исраил Сапарбай өлеңдері Исраил Сапарбай шығармашылығы ыстық шай Шай құйған қыз Балғын