17.10.2021
147
Мәрт көңіл...
Мәрт көңіл бүгін тоналар,
Той десе қу бас домалар.
Шараптан аздап тартқан соң,
Шаршаған жаның демалар.
Қазаққа сын ғой бұл майдан,
Сәнденіп гүлдей жүр айнам.
Шығады ертең алдыңнан,
Үмітсіз дейсің кім тойдан.