17.10.2021
  329


Автор: Дәркен Танабаев

ТӘУЕЛСІЗДІК ТУЫ ЖЕЛБІРЕ.

«Ақтабан» кеп жабысқанда сор қалың,
«Елім-ай» деп тоз-тоз болып боздадың.
От шайнадың, мұз қармадың,
Еркіндікті армандадың.
Ұран салып қайта тұрды боздағың.
Нарға теңдеп бабам тағдыр азабын,
Шаңырағың сан шайқалды қазағым.
Қанша ғасыр аңсағаным,
Тәуелсіздік жарсаламын.
Қасіретіңді жырмен тербеп жазамын.
Жауларыңа қарсы тұрдың қаптаған,
Ақ найза мен бабам жерін сақтаған.
Атамекен жер жаннатым,
Аққан жұлдыз ер қанатым.
Байтақ елім мерейіңе шаттанам.
Болашаққа жарқын үндеу тастаған,
Бабалардың арманы бұл Астанам.
Гүлденеді алтын ордам,
Жастар қалап берік қорған.
Менің елім жаңа дәуір бастаған.





Пікір жазу