ШЫМ ҚАЛАМ
Арай шашқан таң нұрына күлімдеген Шым қалам.
Шым қорғанның етегінен шырай берер нұр ғалам.
Қарағаштар самал желге қолаң шашын бұлғаған.
Жаяу жүріп араладым,
Жұпар шашқан саябағын.
Әсем қалам құшақ жайып тұр маған.
Зәулім үйлер сән түзеген, көлік ағар көшемен.
Жарнамалар көз тартады, гүлзар кілем төсеген.
Бір керемет сый күтесің кеше өткен көшеден.
Өркениет ордасындай,
Өр екпіні тұр басылмай.
Арман қалам көгеріпті көсегең.
Тал, теректер сылаң қағып көрер өзін жылғадан.
Жапырақтар сыбдыр қағып сыбырлайды сыр маған.
Жасыл мекен Шымкентіме күн жүрегін сыйлаған.
Шым қорғанның төбесінде,
Шашу шаштым белесіңе.
Алау жыр да, жүрегіме сыймаған.
Жаңа заман іргемізге туын нықтап қадаған,
Шым қаламның құшағынан бақыт тапқан сан адам.
Көрік беріп көтерілген сәулетіңе таң қалам.
Құмарлығым бір басылмай,
Ғашық болған сырласымдай.
Сүйем сені! сүйем сені! Шым қалам!