17.10.2021
177
АЛАТАУЫМ
Алатауым,
тәкаппарым,
армысың !
Уа! Армысың,
құдіретті,
қарлы шың !
Долы өзенің алты қырдан арқырап,
Қара орманым, сап түзеген бармысың.
Келбетіңе қатал біткен қараймын,
Басы айналған биігіңде талайдың.
Сымбатыңа сұқтанамын сүйсініп,
Сұлуын-ай!
мына таңғы арайдың.
Кереметін қалай айтып таусалам,
Бара қалсаң сынай қарар тау саған.
Сұр тасына намысыңды қайрап ал,
Жігерсізді жаратпайды қаусаған.