17.10.2021
218
![](/uploads/shorttexts/author_image/2021-10-18-00-05-39.png)
ҚАЗЫҒҰРТЫМ
Ассалаумағалейкум!
Қазығұртым.
Аман бе екен ағайын ата жұртым.
Аруанаға асыққан ботадайын,
Алып қашты өзіңе жүрек ырқым.
Аманбысың киелі
Қазығұртым!
Сықылықтап күледі жылғаларың,
Тербеледі қыз терек сырғаларың.
Ебелектеп есер жел
сүйіп жатыр,
Сағыныпты елпілдек қыр қазағын.
Құлағыма сыбырлап бір ғажап үн.
Көк зеңгірде қыран ба?
қалықтаған,
Қош келдің деп тұрғандай
анық маған.
Бұлағыңнан сіміріп алайыншы,
Сағыныштан өртеніп жанып барам.
Көңіл құсын басайын жалықпаған.
Бәрі жақын гүл, терек
қырқаларың,
Әрқайсыңнан бір нәзік сыр табамын.
Қайда оттай қызғалдақ қыз аруым,
Жұпарыңнан жұтып ап бір қанамын.
Қайда менің әсершіл қыл қаламым.