17.10.2021
  153


Автор: Дәркен Танабаев

Еріген қар....

Еріген қар
Сорғалаған тамшылар,
Жерді соғып
Быт-шыт болып жаншылар.
Әуре болған өткен күннің обалы,
Өкінішпен жігерімді қамшылар.
Тасқа құлап шашырайды тамшылар,
Күйік кеудем зар шығарма,
ән шығар.
Тағдыр сыны салған болса басыма,
Сексеуілдей сірі жаным сан шыдар.


Мына заман қайда кетіп барады,
Артым тұман,
алдым болса қараңғы.
Шырақ етіп алсам ба екен қолыма,
Алаулаған жүрегімді жаралы.
Бұл дүниеде жалғыз сен бе дегендей,
Өлеңіңді жаза бер тек бөгелмей.
Сақ сауысқан жақын ұшып қонды да,
Сәлем берді,
отырды ұзақ жөнелмей.





Пікір жазу