17.10.2021
  144


Автор: Дәркен Танабаев

* * *

Сары дала
Сары алтындай
Сары егін,
Торғайың да
Тауып жейтін қорегін.
Қайғы бұлты үйір күндей жаныма,
Сағым дала
сенсің асыл керегім.
Көк зеңгірге
Қадаймын да жүзімді,
Ойша аңдаймын
Басқан әрбір ізімді.
Көз алдыма елес фильм әкелер,
Гүл көктем мен күңіренген күзімді.





Пікір жазу