meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.10.2021
  242


Автор: Исраил Сапарбай

Сезiмдi ұрладың

Сезiмдi ұрладың,
Өзiмдi ұрладың.
Шыным бұл!
Құлыншақтайын
Құшағыңа келiп
тығылдым.
Сарғайған күзде
Сағағымменен
Жұлындым.
Сағынған күйде,
Жанарымменен
Жұмылдым.
Балапан басым
Бауырыңа енiп
Жылындым.
Қарақан басым
Қалайша саған
Ұрындым?
Орынсыз деме:
Оңаша айтар
Сырым бұл –
Өзгеге емес,
Өзiңе ғана бұрылдым.
«Ұрындап келген,
Қырындап көрген
Ұрыңмын, – дешi, –
Ұрыңмын, – дешi, –
Ұрыңмын?..»




Пікір жазу