17.10.2021
  189


Автор: Исраил Сапарбай

Құдайым-ау

Құдайым-ау,
Маған келген қандай бақ?
Албырт сезiм алабұртты қанда ойнап,
Көңiлiңнен көл iздедiм көл-көсiр,
Ерiнiңнен ем iздедiм балқаймақ.
Таптым,
Таптым,
Тəттiсiн-ай, тəттiсiн!
Шамшы-раушан шадыман бiр шақпысың?
Өпкен сайын,
Кепкен сайын ындыным
Балауыздай ерiп бара жатты iшiм…
Ерiдiм мен,
Емiнумен жас тəнге,
Екеумiзге сыйлар екен ақшам не?
Естiгеннiң еркiн, дертiн жаулайтын,
Ендi бiздер айналамыз басқа əнге!




Пікір жазу